Қазақстандық жас хоккейшілер әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде жеңіске жетті
Хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші ойынында Қазақстан құрамасы қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылы Францияда өткен әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өткізді.
Жас спортшылар Венгрия құрамасына қарсы ойнады. Венгриялық хоккейшілер қақпаға бірде-бір шайбаны соға алмады. 3:0 есебімен қазақстандықтарға алға шықты.
21-минутта Әділ Бейсембаев бір ұпай еншіледі, 35-минутта Артур Гросс екінші шайбаны салды, ал бір минуттан кейін Бейсембаев тағы шайба салды.
А дивизионында біздің спортшылар Жапония, Украина, Франция және Дания құрамаларымен кездеседі.
Талқылау