Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық зейнеткерлер зейнетақысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды

Зейнеткерлердің азық-түлікке жұмсайтын қаржысы рейтингінде Қазақстан 37-орынға тұрақтады. Finprom.kz талдаушыларының хабарлауынша, қазақстандық зейнеткерлер зейнетақыларының 47,2%-ын азық-түлікке жұмсайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Пессимистік бағалау, бірақ рейтингке кірген ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең үздік көрсеткішке ие. 

Мәселен, бұл көрсеткіш Ресейде - 58,9%, Молдовада — 59,2%, Беларусьте — 76,7%, Украинада — 84,9% (Бірқатар себептер бойынша Украинаның статусы даулы - Finprom.kz), - дейді сарапшылар. 

Бұл тізімде ең үздік көрсеткішті Норвегия (зейнетақының тек 13,4% азық-түлікке кетеді), Австрия (13,7%) мен Франция (14,3%) елдері көрсетті.


Еліміздегі зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды


Рейтингке қатысушы елдер арасында ең жоғары зейнетақы Норвегияда — 2 017 доллар. Үздік үштікке Швейцария (1 913 доллар) мен АҚШ (1 663 доллар) кірді.

Қазақстан ТМД елдері ішінде ең жоғары нәтиже көрсеткенімен, ол небәрі 220 долларды құрайды. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 18 Сәуір, 2022 13:32
Талқылау