Олар бірнеше ай бойы зейнеткерен байланысын үзбей, инвестицияның жұмыс істеп жатқанын, пайда әкеледі деп сендірген. Әйелге жеке кабинеттегі скриншоттарды жіберген. Онда “табыс” мөлшері 20 миллион долларға жеткен деп көрсетілген.
Қазақстандық зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңгеден астам ақша аударып жіберген

Ақмола облысында зейнеткер инвестициялық жоба жарнамасына алданып, алаяқтарға 10 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі sinegor.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қосшы қаласында тұратын зейнеткер интернеттен тез және көп табыс табуға болады деп сендірген инвестициялық жоба жарнамасын көріп қалған. Ұсыныс бір қарағанда көңілге қонымды көрінген. Кейін бәрі классикалық сценарий бойынша дамыды. Ол “кеңесшілердің” нұсқауымен алаяқтар көрсеткен шоттарға 10 миллион теңгеден астам қаражат аударып жіберген.
Бірақ қаражатты алу туралы сөз болған сәттен бастап “қиындықтар” басталған. Алдымен олар комиссия, кейін салықтар төлеу керегін, одан соң шотты активтендіру қажет екенін айқан. Әр жаңа төлем жасалған сайын алаяқтар “ақша жақында түседі” деп алдаған.
Соңында зейнеткер платформаның “қауіпсіздік қызметіне” хабарласпақ болған. Онда оған операция “Лондон Банкі” арқылы тоқтатылғаны айтылды. Сол сәтте әйел алаяқтық құрбаны болғанын түсінді.
Ол құқық қорғау органдарына жүгініп, алаяқтық схеманы растайтын хаттар мен скриншоттарды тапсырған. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде: қатысы бар тұлғалар мен қаражат қозғалысының жолдары анықталып жатыр.
Полиция үлкен табысты уәде ететін “халықаралық банктер” интернет-алаяқтардың сүйікті құралы екенін ескертеді. Тәртіп сақшылары белгісіз шоттарға ақша аудармауды және ақпаратты әрқашан тексеруге шақырды.