Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық ұлын басқа балалармен төбелестіріп, оны видеоға түсірген (видео)

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың бір-бірімен төбелесіп жатқан видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тараған видеодан екі жасөспірімнің бірін-бірі ұрып-соғып, жерде төбелесіп жатқанын көруге болады. Болған жағдайды басқа жасөспірімдер мен бір ер адам видеоға түсіріп тұрды. Ол тіпті балаларды ажыратуға тырыспаған. Тіпті балаларды ажыратпақ болған жасөспірімнің бетін қайтарып, араласпауын айтты. Видеодан оның балалардың біріне “Ибрахим, тұрып кет! Соңына дейін” деп қайрап жатқанын байқауға болады.

Желі қолданушылары видеодағы ер адамды төбелесіп жатқан балалардың бірінің әкесі екенін жазды. 

Маңғыстау облысының полициясы төбелеске қатысы бар тұлғаларды анықтады. 

“Кәмелетке толмағандар полицияға ата-аналарымен бірге жеткізіледі. Осы факті бойынша әкесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127 (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау) және 128-баптары (Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Материал әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін дайындалып жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.


“Шашынан тартып, тіземен тепкен”: Алматы облысындағы колледжде студент қыздар төбелесті


Қонаевтағы атыс: Кісі өлтірген 6 адам сотталды


Бұған дейін Атырауда бір топ жасөспірім екі оқушыны қара жұмыс істемегені үшін соққыға жыққаны туралы жазған едік.

 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025 09:57
Талқылау