Қазақстандық велошабандоз Италиядағы беделді турнирде топ жарды
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Италияда өткен "Джиро д'Абруццо" көп күндік веложарысының үшінші кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Astana Qazaqstan Team мүшесі Алексей Луценко "Джиро д'Абруццо" көп күндік веложарысының үшінші кезеңінде 163 шақырымды артта қалдырып, көш басында келді. Екінші орынды Uae Team Emirates мүшесі Адам Йетес оның командаласы Диего Улисси үшінші орынға жайғасты. Бұл жеңісінен кейін соң Алексей Луценко жалпы есепте бірінші орында келеді.
Айта кетейік, аталған таулы кезең жарыстағы беделді кезең саналады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”