Қазақстандық ерлі-зайыпты үйлену тойында берілген 2,4 миллион теңгелік сыйлық үшін соттасты
Фото: nypost.com
Шымкентте бұрынғы ерлі-зайыптылар тойда берілген сыйлықтар үшін соттасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сотында үйлену тойында сыйға берілген заттарға кеткен шығынды өндіру туралы азаматтық іс апелляциялық тәртіпте қаралды.
Арызданған азаматтың айтуынша, жауапкер оған тойда сыйланған, жалпы құны 2 435 000 теңге болатын заттарды қайтармай отыр. Жауапкер талапты мойындамаған.
"Бір сәттік ерлік": Есімі елге белгілі тұлғалар спортшыларға сыйлық беруге қатысты ойын бөлісті
Маман мінсіз жұп болу үшін ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы қанша болу керегін айтты
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен талап қанағаттандырылды. Жауапкерден арызданушының пайдасына 2 435 000 теңге, 100 000 теңге сот шығындары және 24 350 теңге мемлекеттік баж өндіріп берілді.
Апелляциялық сотта тараптар татуласты және дауды сот медиациясы арқылы шешу туралы келісімге келді. Талапкер өз талаптарынан бас тартты. Жауапкер өз кезегінде арызданушыға қалған мүлікті жабу үшін екі апта ішінде 200 000 теңге төлеуге міндеттелді.
Сот дауды медиация арқылы шешу туралы келісімді мақұлдап, істі тоқтатты. Талапкерге бұрын төленген мемлекеттік баж бюджеттен қайтарылды. Шешім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық әйел күйеуіне берген сыйлықтарын қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінгені туралы жазған едік.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді