Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық үш азамат Ресейде карантинге жабылды

Қазақстан мен Ресей денсаулық сақтау министрліктері Ресей Федерациясында карантинде отырған қазақстандықтардың жағдайын бірлесіп қарайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

министрлерБұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Елжан Біртанов Михаил Мурашконың тағайындалуымен құттықтады және коронавирустық инфекцияға қарсы күресте көрсеткен көмегі үшін және біздің азаматтарды Ухань қаласынан эвакуациялағаны үшін алғыс білдірді.

Тараптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел орталығы арқылы тұрақты байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға келісті.

Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Түмен қаласындағы (үш қазақстандық) Уханьнан эвакуацияланған азаматтарымыздың жағдайына бірлесіп мониторинг жүргізетін болады. Жерлестеріміз екі апталық карантинде отыр.

Айта кету керек, бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Орындаушы концерт фонограммамен өтетіндігі жайлы билет сатылмай, жарнама бермей тұрып айтуы шарты

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Коронавируске қатысты жаңа заң құрастырылды

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда

Work and travel: Бағдарлама бойынша АҚШ-қа барып келген жастар тәжірибесімен бөлісті

Бағдарламаға қатысушы студент: Өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады

Ұйқы қанбаудың қауіптілігі айтылды

Ұйқы жетіспеушілігі ағзада бірқатар ауру туғызуы мүмкін

Қазақстанда есірткі сатумен айналысқан сегіз сайт анықталды

Олардың қызметі заңға қайшы деп табылды

"Бәйтерек" холдингінің басшылығы жалақылары жайлы айтудан бас тартты

Ұйым басшысының орынбасары үкіметтің бекіткен жарлығын алға тартты

Алматы қаласының әкімі Қордайдағы қақтығыс жайлы: Базар басшылығын түн ортасында жинадық

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қордайда болған қақтығыстарға байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулығына байланысты Бақауов түрмеден үйқамаққа ауыстырылды

Оның денсаулығы күрт нашарлап кетті
Çàãðóçêà...