Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық университеттердің студенттері оқу ақысын төлеуге жеңілдік сұрауда

Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері оқу ақысын төлеу кезінде жеңілдік сұрап отыр.  Коронавируспандемиясына байланысты көптеген адамдар табыстарынан айырылды. Ал бір жылдағы оқу құны орта есеппен 800 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабаралайды.

Бағдарлама студиясына студенттердің ата-аналары хабарласып, оқу ақысын төмендетуді қалайтындарын айтады екен.

"Қызымның жыл сайынғы оқу ақысын көтеріп жатыр. Ал қазір карантин. Түсінесіздер ме, біз төлей алмаймыз, ақшаны ешжерден таба алмаймыз. Күйеуім де, мен де қазір жұмыстан қысқартылдық. Не істейміз?", - деді хабарласқан ата-аналардың бірі.

Осы проблема бойынша студенттердің өздері де жазып жатыр, бірақ ашық айтудан қорқады. UIB университетінің студенті курстастарының атынан ЖОО әкімшілігіне жүгінген. 

"Коронавирустың салдары - жақындар мен туысқандардың еміне ақша төлеу, жұмысынан айырылу мен жаппай жұмыстан қысқарту. Осыны ескере отырып, ҚР-ның бірқатар университеттері сапасы төмендейтін қашықтан оқыту кезінде жеңілдік беріп отыр", - деп жазды студент.

Халықаралық бизнес университетінде педагогтарға жалақы беру, сондай-ақ салық және басқа да әлеуметтік аударымдар төлеуге байланысты оқу ақысын төмендете алмайтынын хабарлады.

"Сіздердің өтініштеріңізде көрсетілген коммуналдық қызметтер, шаруашылық бөліктері бойынша экономикалық шығындарды үнемдеу әртүрлі бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу бойынша қашықтан оқыту нысаны кезеңінде сабақтардың барлық түрлерінің толықтығын және ағымдағы және қорытынды бақылау нысандарын қамтамасыз ету бойынша университеттің жаңа шығындарымен жабылады...", - делінген ЖОО хабарламасында. 

ЖОО-ы қауымдастығында ақыны төмендетуге барлык университеттер келіспейтінін айтты. Өйткені педагогтардың жалақысын көтеру керек, ал оны министрлік талап етіп отыр. Сондай-ақ, университет тек өздерін емес, студенттерді де техникамен жарақтандыруы керек. 

"Министрліктен сұрау керек, бізді салықтан босатуға көмектесіңіздер деп, ең болмағанда табысқа шыққанға дейін. Негізі мұны үкіметте қарастырды, үкімет шеше алмады. Студенттерге несие беруді ұсынды, бірақ оны ешкім алмайды, өйткені тиімді емес", - деді ҚР ЖОО қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.

Білім және ғылым министрі Асқат Аймағамбетов бұған дейін ЖОО ректорларынан пандемия ақталғанға дейін оқу бағасын көтермеуді сұраған. Бірақ ЖОО-дары жекеменшік, сондықтан шенеуніктер оларға ықпал ете алмайды.


2020 жылы қандай мамандықтарға ең көп грант бөлінеді

STAN.KZ
Сәрсенбі, 19 Тамыз, 2020 09:04
Талқылау