AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық университеттер оқытушылардың жалақысын көтермесе, гранттарынан айырылады

Қазақстандық университеттер оқытушыларының жалақысын көтермесе, гранттан айырылуы мүмкін. Бұл туралы БҒМ-нің аппарат жиналысында министрлік басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

студенттер

Бұған дейін аппарат жиналысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев университеттердегі профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы туралы баяндама жасады.

"Университет оқытушыларының жалақысы көтерілді. БҒМ-ге қарасты барлық университет берілген тапсырманы орындады. Дегенмен, басқа мемлекеттік органдарға тиесілі басқа профильдегі университеттер тапсырманы толығымен орындамаған. Бұл мәселе бойынша тиісті шара қабылдау қажет. Өйткені тапсырманы орындау үшін мемлекеттік бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. Гранттың құны біршама өсті. Егер гранттың құны өсетін болса және университеттің табыс көздері кеңейетін болса, онда міндетті түрде осы университеттер оқытушыларының жалақысын өсірулері керек", – деді министр.

Министр аталған тапсырма тек БҒМ-нің университеттеріне ғана берілмегенін айтты. Тапсырма барлық университетке бірдей берілді.

"Егер ұстаздардың жалақысы 100-150 мың болса, қандай сапа туралы айтуға болады?! Профессорлар сіздерде қалай жұмыс істейді? Осыған байланысты тиісті министрліктер және университеттермен жұмыс істейміз. Егер жалақыны көтермейтін болса, онда қажет болса гранттың сомасын төмендету бойынша жұмысты жүргіземіз. Университеттер шотына түскен қаржыны қайда жіберіп жатырсыздар? Оны оқытушылардың жалақысын көтеру үшін ұлғайттық", – деп айтты ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр