Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық төрешілер Париж олимпиадасында күрес түрлерінен қазылық етеді

Қазақстандық екі төреші күрестен Париж олимпиадасында қазылық қызмет атқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Біріккен күрес әлемі (UWW) Париждегі олимпиада ойындарында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады. Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның атынан қатысатын екі төреші бар. Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай Париж бозкілеміндегі балуандардың белдесуіне қазылық етеді. Игорь Лигай екінші рет олимпиада ойындарында төреші болмақ. Ол бұған дейін Токио олимпиадасында да қызмет еткен еді. 

Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Грек-рим күрес шберелерінен төрт балуан Парижде өнер көрсетсе, еркін күрестен үш-ақ лицензия бар. Ал әйелдер күресінен бірде-бір жолдама жоқ. 

 

Талқылау