Қазақстандық "Томирис" фильмі каскадёрлік "Оскар" сыйлығын алды
«Томирис» фильмі әлемдік каскадёрлар академиясының жоғары наградасына ие болды, деп хабарлайды
Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасы ең жақсы трюктері үшін әлемдік каскадёрлар академиясының жоғары Taurus сыйлығын алды.
Бұл туралы NOMAD STUNTS каскадерлік тобы өздерінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Taurus біздікі! Біз сіздермен үлкен қуанышымызды бөліспекпіз. «Томирис» фильмі әлемдік каскадёрлар академиясының Taurus сыйлығын алды. Бұл каскадёрлік «Оскар» деп аталатын ең беделді сыйлық. Біздің елдің тарихында тұңғыш рет «Шетелдік фильмдегі трюк» номинациясы бойынша қазақстандық фильм үздік деп танылды, деп хабарлады қазақстандық каскадерлер тобы Nomad Stunts.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн