Қазақстандық теннисшілердің Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
Токиода теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ресейдің басты үміті Даниил Медведевке қарсы шығады. Михаил Кукушкин аргентиналық Федерико Кориямен жолығады.
Жұптық сында Александр Бублик пен Андрей Голубев франиялық Гаэль Монфис және Жереми Шардимен кездеседі.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Елена Рыбакина австралиялық Саманта Стосурға қарсы шығады. Юлия Путинцеваның алғашқы қарсыласы – аргентикалық Надя Подорошка. Ярослава Шведова австралиялық Айла Томляновичпен, Зарина Дияс чехиялық Барбара Крейчиковамен ойнайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”