Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисшілер Юлия Путницева мен Анна Данилина Мароккодағы турнирде алғашқы жеңіске қолжеткізді

Қазақстан теннис федерациясы Қазақстандық Анна Данилинаның Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан теннистен WTA 250 турнирінің ширек финалына шыққанын мәлімдеді. Бұл турнирді Юлия Путницева да жақсы нәтижемен бастаған.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бірінші айналымда венгриялық Анна Данилина мен Тимеа Бабос дуэті чехиялық Анастасия Детюк пен венесуэлалық Андреу Гамисті 7:6 (7:3), 6:0 есебімен ұтты.

Бұл турнирде қазақстандық спортшы Юлия Путинцева да сайысты сәтті бастады. Ол жекелей сында турнир қожайындарының атынан шыққан Айя Эль Ауниді 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Келесі айналымда Юлия Путинцева франциялық Леоли Жанжанмен кездеседі.

Ал Женевада өтіп жатқан ерлер арасындағы ATP-250 турнирінде қазақстандық Александр Бублик америкалық Маркос Жироннан 0:6, 4:6 есебімен жеңіліп, екінші айналымға өте алмады.

Талқылау