Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің экс-үшінші ракеткасын жеңді
Чарлстонда (АҚШ) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің стартында қазақстандық Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 47-орын) жеңіске жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Путинцева қызының дүниеге келуіне байланысты ұзақ үзілістен кейін кортқа оралған украиналық Элина Свитолинаны жеңді. Кездесу үш сетпен аяқталды – 6:7 (3:7), 6:2, 6:4. Кездесу 2 сағат 48 минутқа созылды.
Екінші айналымда Юлия ресейлік Екатерина Александровамен (WTA рейтингінде 17-орын) кездеседі.
Чарлстондағы турнирдің жүлде қоры 780 мың долларды құрайды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн