Қазақстандық теннисші US Open турниріне жолдама жеңіп алды
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті аяқтады. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды. Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басым болғанымен екінші сетте Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік бергей, 6:0 есебімен ұтты. Үшінші, шешуші сетте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3. Сөйтіп, Скатов US Open турнирінің негізгі айналымына жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, Тимофей Скатов US Open іріктеу турнирінің жартылай финалында отандасы Бейбіт Жұқаевты жеңіп кеткен еді.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандағы аз жалақы қандай проблемаларға әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі