Қазақстандық теннисші "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңіне шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің үшінші айналымына өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: WTA
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің үшінші кезеңіне өтті. Алғашқы кезеңде чехиялық Якуб Меншикті жеңген отандасымыз екінші айналымда франциялық Артур Казомен кездесіп, ұш сетте 6:4, 7:6, 6:4 есебімен ұтты. Енді Бублик үшінші кезеңде әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның екінші кезеңге өткенін жазған едік.
Талқылау