Қазақстандық теннисші "Уимблдон" турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің алғашқы айналымын жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Бублик "Уимблдон" турнирін сәтті бастады. Отандасымыз турнирдегі алғашқы матчында чехиялық Якуб Меншикке қарсы ойнайды. Бес сетке созылған матчта Бублик 4:6, 6:7, 6:4, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Енді отандасымыз екінші айналымда франциялық Артур Казоға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Михаил Кукушкин бастаған теннисшілеріміз "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңінде финалдық матчында жеңіліп қалған еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”