Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық Бейбіт Жукаев Таиландтағы челленджер жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәліметінше, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 384-ракеткасы, жапониялық Сё Симабукуромен ойнады. Ойын нәтижесінде қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Үш сетке жалғасқан матч 1 сағат 49 минутқа созылды. Осы мерзімде Бейбіт 18 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Б. Жукаев жартылай финалға шығу үшін монаколық Валентин Вашеромен таласады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн