Қазақстандық теннисші Сербиядағы ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербиядағы ITF W35 турнирінің жұптық сынында жартылай финалына шықты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ktf.kz
Жібек Құламбаева Сербиядағы ITF W35 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға жолдама алды. Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Жібек Құламбаева мен словениялық Жива Фалкнер доданы бірден ширек финалдан бастады. Қазақстандық-словениялық жұп испаниялық Ана Гиралди Регуена мен ирандық Мешкатолзахра Сафиды 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Жібек пен Живаның жартылай финалдағы қарсыластары әлі белгісіз.
Айта кетейік, Жібек осы додада жекелей сында сәтті өнер көрсете алған жоқ. Ол алғашқы айналымда-ақ дүниежүзілік рейтингіде 412-орында тұрған франциялық Сара Цакаревичтен 4:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандағы аз жалақы қандай проблемаларға әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі