Қазақстандық теннисші Польшадағы ITF J100 турнирінде топ жарды
Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай Польшада өткен ITF J100 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Польшаның Краков қаласында теннистен жасөспірімдер арасында ITF J100 турнирі өз мәресіне жетті. Аталған сында қазақстандық Дамир Жалғасбай ел намысын қорғап, жарыс жеңімпазы атанды. Дамир финалда венгриялық Колос Кинчесті екі сетте 6:3, 6:4 есебімен ұтып, чемпион атанды. Бұл – Дамирдың спорттық мансабындағы екінші, биыл жеңіп алған бірінші титулы.
Сондай-ақ жас теннисшілеріміз Баку қаласында АТF жарысында да озық шықты. Финалда жекелей сында қыздар арасында Алиса Королева үндістандық Яхнави Таменедиді 6:1, 2:6, 6:3 есебімен ұтса, Асқар Әмір жекелей сында чемпиондық атақ үшін бәсекеде тағы бір үндістандық Пунит Монохарға 6:7, 1:6 есебімен есе жіберді.
Талқылау

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Мөлдір Мұқан: "Күйеуімнен қолдау таппадым"

"Арық жүйесі - кедейшіліктен туған шарасыз шешім": Алматы неге жаңбыр жауса су астында қалады
Оның айтуынша, үш миллионға жуық халқы бар Алматыда басқа ірі қалалардағыдай жаңбыр суын әкететін арнайы кәріз жүйесі жоқ