Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Германияда өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Германияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Анна

"Теннистен Қазақстан командасының өкілі Анна Данилина Германиядағы ITF сериясы турнирінде жеңіске жетті", - делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында. 

Анна Данилина нидерландтық серіктесі Арианна Хортономен бірге Анкита Райна (Үндістан) мен Розали ван дер Хукқа (Нидерланд) қарсы ойнаған.

Соңғы матч үш сетке созылып, 6:7, 6:4, 10:6 есебімен аяқталды.

Назархан Уән
Сейсенбі, 12 Шілде, 2022 12:49
Талқылау