Қазақстандық теннисші Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінен қомақты қаражат тапты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметі
Қазақстанның бірінші ракеткасы, теннисші Анна Данилина Францияның Ашық чемпионаты — "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалына шығуы үшін шамамен 86 миллион теңге алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төртінші кезеңде Данилина Сербиядан келген Александра Круничпен бірге Чехиядан Катержина Синякова мен АҚШ-тан Тэйлор Таунсенд жұбын 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді. Жартылай финалға шығу арқылы теннисшілер 148 мың еуро көлемінде сыйақы алды, бұл шамамен 86 миллион теңгеге тең.
Келесі кезеңде Крунич пен Данилина Норвегиядан Улрикке Эйкери мен Жапониядан Эри Ходзумимен кездеседі.
Айта кетейік, "Ролан Гаррос" — маусымдағы екінші Үлкен дулыға турнирі, Париждегі қоңыр топырақ алаңдарында өтеді. Биыл турнирдің жалпы жүлде қоры 56 миллион еуродан асады, ал жеке ойынның жеңімпазы 2,55 миллион еуро мен 2000 рейтингілік ұпай алады.
Бұған дейін, Анна Данилинаның "Ролан Гаррос" турнирінде жұптық сайыстың жартылай финалына сенсациялық түрде шыққанын хабарлаған едік.