Қазақстандық теннисші Анна Данилина Германиядағы турнирде жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Германияның Хехингене қаласында өткен жалғыз разрядты турнирге алғаш рет қатысып, жеңіліс тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Американдық теннисі Кьро Шолльмен өткен кездесуде Анна қарсыласынан екі сет бойынша 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу бір сағат бес минутқа созылған. Бұл немістердің ITF сериясы бойынша өткен турнирінің 1/16 кезеңі болатын.
Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде жалғыз разрядты ойын түрі бойынша 357 орында болса, жұп разрядты ойын түрінен 19-шы қатарға табан тіреген. Бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады.
Еске салсақ, Данилина жақында ғана Польшада өткен WTA250 BNP Paribas Poland Open турнирінде жұп разрядты ойын түрі бойынша неміс теннисшісі Анна-Лена Фридземді жеңіп, WTA рейтингі бойынша үшінші титуылына қол жеткізген еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”