Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші алғаш рет әлемдік рейтингке енді

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов алғаш рет АТP рейтингіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: ҰОК

Қазақстанның жас теннисшісі Әмір Омарханов ITF-тің 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында жариялаған рейтингіне енді. Отандасымыз әлемдік рейтингтің 15-сатысына көтеріліп, өзінің жыл басындағы үздік көрсеткішіне (№12) жақындап келеді. Қазір Астанада ересектер арасындағы челленджер турнирінде өнер көрсетіп жатқан Омарханов алдағы аптада 4 ұпаймен алғаш рет ATP рейтингісіне де кіреді. 

Айта кетейік, Азия теннис федерациясының (ATF) жаңартылған рейтингісінде 16 жасқа дейінгілер арасында Заңғар Нұрланұлы бұрынғыша 1-орында тұр.  

Даурен Түлкібай
Жұма, 19 Шілде, 2024 14:28
Талқылау