Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-та Литл-Рок қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында австралиялық Адам Уолтонмен кездесіп жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Cурет ашық дереккөзден
Қазақстандық спортшы текетіресте үш сетте жеңіске жетті. Екі ойында теннисшілер тай-брейк ойнап, 6:7, 6:4, 7:6 есебінде болды. Осылайша Бейбіт Жұқаев турнирдің финалына шықты.
Бұған дейін Литтл-Роктағы Челленджерде Жұқаев америкалық Колин Маркес пен Николас Морено де Альборанды, неміс Петр Гоевчик пен қазақстандық Михаил Кукушкинді де жеңген болатын.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді

