Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тенисші Испаниядағы турнирде финалға өте алмады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 250-ші) Севильяда өтіп жатқан турнирде жартылай финалдық кездесуін өткізді. Спортшы финалға өте алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Скатов испандық Бернабе Сапата Мираллеспен (79-орын) кездесіп, екі сетте – 2:6, 1:6 есебімен ойсырай, жеңіліп қалды.

Бұған дейін турнирде Скатов италиялық Рауль Бранкаччоны (208-орын) – 6:4, 6:4, испандық Хавьер Барранко Косаноны (408-орын) – 6:2, 3:2 (шығарылды) және поляк Ежи Яновичті (971-орын) 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.

Севильядағы Челленджердің жүлде қоры 97 960 еуроны құрайды.

 

Талқылау