Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал спортшы отау құрды

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин үйленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Спортшы мен қалыңдығы теңіз жағасында бір-біріне неке жүзігін тақты. 

Жас жұбайлар қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті. Кукушкиннің жары Анастасия өзінің аккаунтында видео жариялады. 

Жаңа отау құрған жұпты Қазақстан теннис федерациясы құттықтады.

 

Айта кетсек, Кукушкин квалификация аясында Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысады. 

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 12 Шілде, 2021 17:03
Талқылау