Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал балалар хирургы қайтыс болды

Қазақстанда белгілі балалар хирургі Алмас Ормантаев ұзақ уақыттан кейінгі сырқаттан қайтыс болды. Дәрігердің қайтыс болғаны туралы оның әріптестері әлеуметтік желілерде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін, 63 жасында, ұзақ аурудан, мезгілсіз, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің балалар хирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымның докторы, профессор Ормантаев Алмас Камалұлы дүниеден өтті! Марқұмның отбасына көңіл білдіреміз", - деп жазды хирург Асылжан Еркешов өзінің Facebook парақшасында. 

Халықаралық репродуктология академиясының президенті Вячеслав Локшин Ормантаевтың отбасына көңіл айтты.

Тамаша хирургтың, ғалым, педагог, нағыз достың бейнесі жадымызда жарқын естелікпен сақталсын. Ұлы академик Камал Ормантаевтың ұлы, студенттік досым, оптимист, өмірді шынайы сүйген еді. Ол мыңнан аса баланың өмірін сақтады, жүздеген дәрігерді дайындады. Бұған сену қиын. Жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазды Вячеслав Локшин.

Алмас Ормантаев - қазақстандық балалар хирургиясының негізін қалаушы, Камал Ормантаевтың ұлы. Қызметі барысында Алмас Ормантаев мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды. 

Алмас Ормантаев 1982 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін Мәскеудегі педиатрия ҒЗИ-да балалар хирургиясы бойынша клиникалық ординатурада оқыды. Ресей медицина ғылымдары академиясының педиатрия ҒЗИ балалар хирургиясы бойынша докторантураны аяқтап, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2009 жылдан 2013 жылға дейін ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Педиатрия және балалар хирургиясы бойынша Медициналық директордың орынбасары, балалар хирургиясы бөлімінің басшысы қызметінде болған.

Ал 2013 жылдан бастап Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасын басқарды. Австрияның Грац қаласындағы медицина университетінің университеттік клиникасында балалар хирургиясы бойынша тәжірибеден өтті.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр