Олигарх Сергей Кан қазақстандық футбол клубын сатып алды

Фото:”Қызылжар” фк
Петропавлдың “Қызылжар” футбол клубы кәсіпкер Сергей Канның иелігіне өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттгі хабарлайды.
AmanVibe телеграм арнасының хабарлауынша, ҚФФ, FIFA және UEFA ресми түрде клубтың барлық жарыстарға қатысу құқықтарын жаңа иесіне берді.
“Бұл клубты және Солтүстік Қазақстан футболын дамытуда маңызды қадамым. Жеке басқару өсуге, инвестиция тартуға және өңірдегі футбол инфрақұрылымын дамытуға жаңа мүмкіндіктер жасайды”, – деп келтірді футбол клубтың баспасөз қызметі Сергей Канның сөзін.
Команда өз атауын, клубтық түстерін және тауарлық белгісін сақтап қалады. Сондай-ақ, клубтың жаңа бас менеджері болып Алишер Апсалямов тағайындалды. Ол бұған дейін "Қайрат", "Каспий", "Атырау" және "Тобол" клубтарында жұмыс істеген.
Апсалямовтың айтуынша, алдағы жоспарға Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізу, жаңа маусымға ойын құрамын анықтау және қазақстандық әрі шетелдік футболшыларды мұқият іріктеу кіреді.
Бұл жекешелендіру шешімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жеке инвесторларға өткізу туралы бұйрығын орындау аясында қабылданған. Бағдарлама клубтардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және футболды дамытуға бағытталған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

