Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық таеквондошы Нұрай Қазнабек жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:Оdo-kures.kz/
Таэквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз 59 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, екінші орыннан көрінді. Финалда ол Иран елінің өкілі Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылары: Н. Жанбиров пен Ж. Бекқасымов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”