AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық су өндірушілері цифрлық таңбалаудың сынақ кезеңінен қалай өтуде?

Су өндірушілер өздерінің беделін және тұтынушыларын контрафактілі судан қалай қорғай алады? Мемлекет, бизнес және тұтынушылар арасында орнаған консенсус цифрлық таңбалау болып табылады. Бұл әлемдік тәжірибеде көлеңкелі айналымға және жалғандыққа қарсы ең тиімді құрал болып саналады.

минералды су

Қазақстандағы бизнес таңбалауды қалай жүзеге асырып жатқаны туралы "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС баспасөз қызметінің материалында баяндаймыз. 

Су нарығындағы контрафактіні қосқандағы көлеңкелі айналым 24%-ға жетеді. Бұл есептеулерді Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген әдістеме бойынша Цифрлық экономиканы дамыту орталығы жүргізді. Яғни, "көлеңке" барлық өнімдердің бестен біріне дерлік таралады. Сонымен қатар, Қазақстанда бөтелкедегі суды өндіруде бір емес бірнеше рет заң бұзушылықтар анықталды, тіпті су құрамында паразиттер де табылды. 

Бұл жағдай өздерінің беделі мен азаматтардың денсаулығын қорғауды маңызды деп санайтын қазақстандық өндірушілерге әсер етпеуі мүмкін емес. Осы себептерге байланысты, сондай-ақ, экспортқа өнімді шығару, өндірістегі бақылауды күшейту және ашықтықты арттыру мақсатында көптеген бизнесмендердің өздері өнімдерін таңбалауды жақтайды. 

Қазақстанда пилоттық таңбалау жобасы жүргізілуде. Оған 11 өндіруші, 2 импорттаушы және "бөлшек сауда" өкілдері қатысуда. 

Қатысушылар қатарында "Samal" су таратушысы да бар. "Бизнес Парк Навигатор", "Samal Water" СМ директоры Артем Таранов компания пилоттық жобаға қатысуды неліктен маңызды деп санайтынымен бөлісті. 

"Біріншіден, таңбалау – бұл тауарларды қадағалау, сұраныс пен өндіріс көлемін жоспарлау, жосықсыз өндірушілерді шеттету және жалған өнімдерден қорғау. Ол компания кірістерін арттырады. Тауар көлемі — айына орта есеппен шамамен 2-3 миллион бөтелке. Бізде барлық тауарларды таңбалау мүмкіндігіміз бар. Пилоттық жоба жақсы өтті, нәтижеге көңіліміз толды. Кемшілігі — жабдықтың құны. Артықшылықтары – өндірілген өнімнің нақты санын өлшеу мен өндірістің бастапқы кезеңінде ақаулы өнімді анықтауда. Таңбалау, әрине, жалпы экономикалық процестерге әсер етеді. Бұлай кәсіпкер өз брендін қорғай алады, таңбалау да жалғандықтан құтқарады. Тұтынушы тек сапалы тауар алады, ал мемлекеттік бюджет салықпен толығады. Яғни, бастама барлығына тиімді. Біз өз тұтынушыларымызға қамқорлық жасап, контрафактілік өнімдерді айналымнан шығару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Көптеген бизнесмендер мені қолдайды деп ойлаймын", - дейді ол. 
"Пилоттық" жобаның тағы бір қатысушысы – "Tassay" су өндірушісі, "Юникс" ЖШС. Компания басшылығы өнімді таңбалауға шешім қабылдады, себебі компания Ресейге суды экспорттаушы болып табылады, мұнда таңбалау міндетті. 

"Қазақстандық суға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Енді санкцияларға байланысты ірі халықаралық экспорттаушылар Ресей нарығынан кетіп жатыр, біз босаған нарықты пайдаланып жатырмыз. HoReCa саласында қазірдің өзінде жоғары сапалы су тапшылығы бар. Біз, әрине, бұл мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Ресей заңнамасының талабы бойынша біз суды таңбалауды бастадық, әйтпесе экспорттау мүмкін емес еді. Сондай-ақ, әрине, біз Қазақстанда міндетті таңбалау сәтіне дайын болғымыз келеді, бәсекелестіктен бір қадам алда болғымыз келеді", - дейді кәсіпорынды таңбалау жобасының жетекшісі Ибрагим Абдуллин. 

Қазір компания таңбалаудың әртүрлі мүмкіндіктерін пысықтап жатыр, соның ішінде мемлекеттік органдармен процестің құнын қалай төмендетуге болатыны талқылануда. Мысалы, өндірістік желіде орнатуды қажет етпейтін технологиялық жеңілдетілген нұсқаны енгізу. 

Таңбалау міндетті болған кезде тұтынушылар қаптаманы телефон камерасымен "сканерлеу" арқылы өндіруші, импорттаушы, дистрибьюторлар және т.б. туралы ақпаратты ала алады.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр