AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшының UFC-дегі жекпе-жегі өткізілмейтін болды

Ресей Федерациясының атынан өнер көрсететін қазақстандық файтер Дамир Исмағұловтың жекпе-жегі болмайды. Бұл туралы спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

дамир исмагулов

Дамир Исмағұлов пен отандасы Магомед Мустафаев арасындағы жекпе-жек 30 қазанда UFC 267 жарысының аясында Абу-Дабиде өтуі керек болған. Алайда салмақ өлшеу рәсімінде Дамирдің салмағы 74,1 келіні көрсетті. Ал Дамир өнер көрсететін салмақ дәрежесінің шегі 70,7 келі болуы керек.

Салмақ өлшеу рәсімі жайлы ресейлік аралас жекпе-жек сарапшысы да пікір білдірген.

"Дамир Исмағұловтың салмақ өлшеу кезіндегі жағдайы жақсы болмады. Оны таразы сүйемелдеп алып келді. Мустафаевқа қарсы кездесу өтпеуі мүмкін", - деп жазды автор. 

Кейінірек спортшының менеджері жекпе-жектің өтпейтінін хабарлады. 

"Салмақ қуу кезінже денсаулығымен мәселе туындап, жағдайы нашарлап кетті. Әрі қарай" салмақ қуудың маңызы болмады. Жекпе-жек белгілі жағдайларға байланысты өтпейді. Қазір Дамир біртіндеп өзіне келіп жатыр", - деді Абдрахманов. 

Дамир аралас жекпе-жекте 18 рет жеңген. Оның төртеуіне UFC-де қол жеткізген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр