Қазақстандық спортшы жеңілмеген өзбекстандық қарсыласын айқын ұтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Данияр Оңғар Octagon 68 турнирінде жеңілістің дәмін татпаған өзбек спортшысын жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/dan4ik_01_mma/
Астаналық Tobet Top Team клубының жауынгері Данияр Оңғар (6-3) Ташкент қаласында өткен Octagon 68 турнирінде жеңіске жетті. Жартылай жеңіл салмақтағы жұдырықтасатын отандасымыз жеңілістің дәмін татпаған жергілікті өзбек спортшысы Мироншох Хусеновке (5-0) қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. Данияр үш раунд бойы өзбек спортшысынан бір бас жоғары деңгейде екенін көрсетіп, мықтылығын мойындатты.
Айта кетейік, бұл Octagon тұжырымы 2024 жылдың ең соңғы турнирі болды. Ташкент қаласында өткен Octagon 68 турнирдің кардында өзбек спортшылары басым бөлігі өнер көрсетті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

