Қазақстандық спортшы Жапониядағы турнирде қарсыласын бір соққымен сұлатып салды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дауытбек Жапониядағы турнирде қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елімізге танымал ММА шебері, Қаршыға Дауытбек әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымында кезекті жекпе-жегін өткізіп, жарқын жеңіске жетті. Rizin 47 турнирінде өнер көрсеткен отандасымыз жергілікті спортшы Тецуя Секиге қарсы шығып, бірінші раундта-ақ екі рет сұлатып салды. Осылайша Қаршыға Жапонияның Токио қаласында өткенде турнирде тамаша жеңіске жетіп отыр. Бұл оның тұжырым аясындағы екінші жекпе-жегі еді.
Айта кетейік, Қаршыға Дауытбек шаршы алаңдағы он төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол үш мәрте қарсыластарына есе жіберген еді. Қазір жеті жекпе-жек қатарынан жеңіп келе жатыр.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн