Қазақстандық спортшы Жапонияда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дауытбек келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Rizin
Елімізге танымал ММА шебері, Қаршыға Дауытбек әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымында өнер көрсетеді. Отандасымыз 9 маусым күні, Жапонияның Токио қаласында өтетін Rizin 47 турнирінде өнер көрсетеді. 61,2 келі салмақта жұдырықтасатын Қаршыға жергілікті спортшы Тецуя Секиге қарсы шығады. Бұл Қаршығаның жапониялық тұжырымдағы екінші жекпе-жегі болмақ. Өкінішке қарай, отандасымыз 2018 жылы Rizin 13 турнирінде Микуру Асакурадан жеңіліп қалған еді.
Айта кетейік, Қаршыға Дауытбек шаршы алаңда 16 жекпе-жек өткізіп, соның он үшінде жеңіске жетсе, үш мәрте қарсыластарына есе жіберген. Қазір ол 6 жекпе-жек қатарынан жеңіп келе жатыр.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"

