Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Виталий Худяков тарихта алғаш рет Ыстықкөлді жүзіп өтті

Қазақстандық сүңгуір, Олимпиада қатысушысы және ашық суда жүзуден Азия чемпионы Виталий Худяков тарихта алғаш рет Ыстықкөл жүзіп өтті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Худяков

Жүзгіш таңертең сағат 5:15-те Чолпан-атадан жүзуін бастап, Каджи-Сайға сағат 18:30-да жүзіп келген.

"5 тамыз күні Виталий Худяков 54 км қашықтықты жүзіп өтті. Спортшы теңіз бетінен 1600 метр биіктікте орналасқан Ыстықкөлді өтуге 13 сағат 13 минут жұмсаған. Ол бұған бірнеше ай бойы дайындалды", - деді жүзгіштің досы Азим Усманов. 

Спортшымен бірге оның әкесі, жеке жаттықтырушысы Евгений Худяков пен 1968 жылғы Олимпида ойындарының төреші-қатысушысы Ахмед Анарбаев еріп жүрген. 

Алғашында Ыстықкөлді жүзіп өту 2 тамызға жоспарланған, алайда ауа райының қолайсыздағынан кейінге қалдырылыпты.  

Айта кетейік, Виталий Худяков Бішкекте дүниеге келген. Сөзінше, ол әрекеті арқылы Қырғызстандағы ерекше көлге жұрттың назарын аудартқысы келген. 

2020 жылы спортшы Қазақстанның атынан Жапонияда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шығуы керек болған. Алайда коронавирус пандемиясының себебінен жазғы ойындар бір жылға шегерілді. 

Талқылау