Қазақстандық спортшы Париждегі Паралимпиада ойындарының финалына шықты
Жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Сиязбек Далиев Париждегі Паралимпиада ойындарының финалдық кезеңіне өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/csp_parasport.kz
Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында Сиязбек Далиев пара жүзуден S5 классында 50 метр баттерфляй әдісімен жүзудің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Отандасымыз қашықтықты 36.42 секундта жүзіп өтіп, мәреге сегізінші болып келді. Осылайша, Сиязбек үздік нәтиже көрсетіп, финалға шыққан 8 спортшының қатарына кірді. Ақтық сын бүгін Астана уақыты бойынша 20:52-де өтеді.
Айта кетейік, Далиев өткен Паралимпиадада бесінші орын иеленсе, 2022 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді. Осыған дейін Сиязбек Далиев Париж Паралимпиадасында 50 метрге шалқалай жүзуден 10-орынға тұрақтаған еді.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандықтардың жалақысының аз болуы түбінде неге әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі