Қазақстандық спортшы Париждегі Паралимпиада ойындарының алтын жүлдесіне таласады
Жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Әмір Мұратбеков Париждегі Паралимпиада ойындарының финалдық кезеңіне өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/csp_parasport.kz
Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында Әмір Мұратбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. SB11 санатында өткен іріктеу сайысында өнер көрсеткен отандасымыз 1:21:66 секунд нәтижесін тіркеді. Әмір Мұратбековтің бұл көрсеткіші оған финалдық кезеңге шығарып, алтын жүлдесіне таласуға мүмкін берді. Финалдық бәсеке бүгін, 5 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында SB3 санаты бойынша сынға түскен Токио паралимпиадасының чемпионы Зульфия Габидуллина финалға өте алмаған еді.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандықтардың жалақысының аз болуы түбінде неге әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі