Қазақстандық спортшы қыз қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
22 жастағы спортшы Ташкентте өткен турнирде жақсы өнер көрсетті. Ол финалда Чехиялық қарсыласын жеңді.
Айта кетейік, Сора – UFC-де белдесетін Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы. Шавкат оны жеңісімен құттықтады.
Сора 2019 жылы Алматыда өткен жарыста да әлем чемпионы атанған еді.
Бұдан бөлек, осы жылдың қаңтарында Сора Рахмонова NFC 28 турнирінде өнер көрсетіп, ММА-да дебют жасады. Спортшы қырғызстандық Бурайма Ақбалаеваны екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Қазіргі уақытта Рахмонова екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр. 26 маусымда ол NFC 31 турнирінде өнер көрсетеді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді