Қазақстандық спортшы допинг қолданғаны үшін 4 жылға футболдан шеттетілді
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен төрт жылға спорттан шеттетілді. Спортшы бұған дейін допинг пайдаланды деп айыпталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ойыншының допинг сынамасы оң нәтиже бергенін журналист Сергей Райлян мәлімдеді.
“Ол футболға 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін орала алмайды, яғни 30 жасқа толуына бір айдан аз уақыт қалғанда. Бұл мансаптың соңы ма?” – деп жазды Райлян.
Әбікен наурыз айында Молдовамен өтетін УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында допинг сынамасынан өте алмаған. 2022 жылы ол Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншы атанды. Павлодарлық "Ақсу" командасының ойнаған.
Айбол Әбікен – Алматы футбол мектебінің түлегі. Жасыл алаңдағы алғашқы кездесуін 2017 жылы "Қайрат" сапында өткізген.
Доступ к сайту ограничен http://refpabjgth.top
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”