Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Танымал қазақстандық спортшы және қоғам қайраткері Валихан Тен Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі болды.

Қазақстандық спортшы Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Ол әкімнің спорт жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы оның Instagram парақшасында хабарлады.

Валихан Тен 1979 жылы туған, Bench Press бойынша спорт шебері. WPC пауэрлифтингтен спорт шебері, Азия чемпионы. Бодибилдингтен спорт шеберіне кандидат. Республикалық және қалалық жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Мастер-жаттықтырушы, World Class фитнес-конгресінің халықаралық жетекшісіWorld Class (Москва), MIOFF (Мәскеу), Inter Sport (Мәскеу).

Спорт және туризм академиясын бітірген. Фитнес саласындағы жұмыс өтілі 12 жыл. Қазіргі уақытта Валихан Тен World Class Almaty фитнес-клубының басқарушы директоры. Ол сонымен бірге WRPF KZ пауэрлифтинг федерациясының және WPC KZ-тің президенті, WRPF-тің Қазақстандағы ресми өкілі.

2018 жылдың соңынан бастап Қазақстан Біріккен ММА аралас жекпе-жектер федерациясының бас директоры болды. Сондай-ақ, Тен Алматы триатлон федерациясы ҮЕҰ және «Бірінші болу батылдығы!» Корпоративтік қорының (Алматы марафоны) мүшесі.

2015 жылы спортшы көпжылдық тәжірибеге сүйене отырып, дене шынықтыру, тамақтану, күнделікті тәртіп және тағы басқаларға арналған «Келесі сіз» кітабын жазды.

Талқылау