Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter 33 шоуында дебют жасады

Фото: NAIZA

АҚШ-та танымал The Ultimate Fighter (TUF) реалити-шоуының жаңа маусымы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жолы алғаш рет шоуға Қазақстан атынан жауынгер — жеңілмеген спортшы Әліби Ыдырыс қатысуда. Шоу ESPN телеарнасында және ESPN+ платформасында көрсетіледі. Ал финал 2025 жылдың тамыз немесе қыркүйек айында өтетін UFC-дің нөмірлі турнирлерінің бірінде өтеді деп жоспарлануда.

Әлиби Идрис ең жеңіл салмақ (57 кг дейін) дәрежесінде өнер көрсетіп, UFC-дің бұрынғы чемпионы Даниэль Кормьенің командасында жаттығуда. Бұл маусымдағы екінші команданы UFC ардагері Чейл Соннен басқарады. Қатысушылар қатарында АҚШ, Бразилия, Жапония, Канада және басқа елдердің спортшылары бар.

31 жастағы Әліби Ыдырыс Қазақстанда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабында 10 жеңіс (0 жеңіліс) тіркеп, панкратионнан елдің үш дүркін чемпионы атанған. Спортшы өзінің "қазақша стилімен" ерекшеленіп, көрермендерге ерекше техника көрсетуді мақсат етіп отыр. Оның басты арманы — UFC ұйымымен келісімшартқа отырып, Қазақстанды халықаралық аренада таныту.

The Ultimate Fighter — бұл қатысушылар бір үйде өмір сүріп, бір база аясында жаттығып, жекпе-жектерге шығатын жарыс. Жеңімпаз UFC-мен келісімшартқа қол қойып, әлемдік деңгейдегі мансапқа жол ашады.

TUF 33 аясында Әлиби Идрис қатысатын жекпе-жектер мен оқиғаларды аптасына бір рет ESPN және ESPN+ арналары арқылы тамашалауға болады.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 16:37
Талқылау