Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы әлемнің үздік 10 дзюдошысының қатарына енді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Будапештте өткен "Үлкен дулыға" сериясындағы турнирдің қорытындысы бойынша құрылған әлем дзюдошыларының жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс қорытындысы бойынша 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Армия орталық спорт клубының спортшысы ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев жетінші орынды иеленді. Оның есебінде 4080 балл бар.

Жарысқа әлемнің 69 елінен 459 спортшы қатысты.

"Будапешттегі "Үлкен Дулыға" коронавирус пандемиясына байланысты ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы маңызды турнир болды. Жарысқа қатысушылар құрамы өте мықты, чемпионатқа әлемнің үздік балуандары қатысты. Осыған қарамастан, Ғұсман жоғары нәтиже көрсетті. Алдағы жарыстарға дайындаламыз", – деп бөлісті ЦСКА олимпиадалық спорт түрлері бойынша штаттық командаларды даярлау бөлімінің бастығы майор Анвар Үсенов.

Ғұсман Қырғызбаев - ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, 2016 жылы Цюрихте (Швейцария) өткен CISM (халықаралық әскери спорт кеңесі) әскери қызметшілері арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, 2018 жылы Агадирде (Марокко) өткен Гран-при кезеңінің чемпионы, 2019 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен "Үлкен Дулыға" (Grand-Slam) турнирінің чемпионы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр