Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандық шенеуніктер телефон тұтқасын үш қоңырауға дейін көтеруге міндеттелді

Фото: ru.freepik.com

Қаржы министрлігі шенеуніктердің телефонмен сөйлесу әдебін жариялады. Енді шенеуніктер телефон тұтқасын үш қоңырауға дейін көтеру керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бекітілген ережеге сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер телефон тұтқасын үшінші қоңырауға дейін көтеру керек. Одан кейін бірден амандасып, қойылған сұраққа нақты әрі сыпайы жауап беруі тиіс.

Енді қызметкерге сөйлесу барысында айғайлауға немесе ашулануға болмайды. Сондай-ақ дауыс ырғағына да аса мән беру керек. Бұл талаптарды орындамаған маман жауапқа тартылады.

“Осы әдеп кодексінің нормаларының бұзылуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл жауаптылық белгілі болған кезде Қаржы министрлігінің ведомстволық бақылау жасау қызметімен тергеу жүргізіледі. Қызметтік тергеу нәтижесінде осы теріс қылық нақты анықталса, тәртіптік комиссия шешімімен мемлекеттік қызметкерлерге жаза қолданылады”, – деді Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Арыстанбекова.



Бұған дейін Қостанай облысында прокурор әдеп нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылған еді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 01 Мамыр, 2025 09:12
Талқылау