Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді
Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді. Ал Ташкентті жер сілкінісінің күші екі баллға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі "СТАӘ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 10:35-те тіркелген.
"28 тамыз күні сағат 09:35-те Ауғанстанда жер сілкінісі болды. Магнитудасы М = 5,4, тереңдігі 200 км. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 880 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,9. MPV магнитудасы - 6,0", - делінген хабарламада.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ