Қазақстандық Сеул әуежайында Оңтүстік Корейге әжетхана арқылы өтпекші болған

Сеул әуежайында ұшу аймағынан әжетхана терезесі арқылы қашпақ болған үш ер адам ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сеул

34 жастағы ресейлік және 26-дағы өзбекстандық, 25 жастағы қазақстандық Корей еліне заңсыз жұмысқа тұру үшін бара жатқан.

Олар басында Корей еліне келу себебін түсіндіре алмаған. Сөйтіп үшеуі әуежайдағы депортациялау бөліміне жібертіледі. Алайда, сол жерде бір-бірімен танысқан қашқындар, Оңтүстік Корейде қалуды ойластырған. 

Үшеуі әжетханада тығылып, оның терезесі арқылы әуежайдың екінші басына шықпақшы болады. Алайда, оларды жолда әуежайдың қауіпсіздік сақтандыру қызметкерлері ұстап алған. Олар үшеуін көргенде бірден күмәнданған. Содан жоспарлары іске аспаған қазақстандық, ресей және өзбек азаматы қайтадан депортациялау изоляторына жіберілді.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр