Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Санат Асуат "Әзірбайжан дауысы – 2025" байқауының финалына өтті

Фото: Санат Асуаттың желідегі парақшасынан

18 мамыр күні Атыраудан шыққан 20 жастағы Санат Асуат "Әзірбайжан дауысы – 2025" халықаралық музыкалық шоуының жартылай финалында сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды. Жобаның басынан-ақ көрермендердің көңілінен шыққан Санатты қазақстандықтар үлкен үмітпен қолдап отыр. Оның өнеріне қатысты бейнероликтер астында жазылған жүздеген пікірлер осыны дәлелдейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әзірбайжан дауысы – 2025" байқауы ақпан айында басталған еді. Төртінші маусымның басты сахнасына шығу құқығы үшін Әзірбайжан, Қазақстан, Грузия, Түркия, Ресей және Украина елдерінен келген вокалистер бақ сынасты.

Санат – Қазақстаннан қатысып жатқан жалғыз үміткер. Ол "Көрмей тыңдаулардан" бастап-ақ көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шыққан. Үлкен сахнадағы тәжірибесі әлі көп болмаса да, ол әртүрлі репертуар мен жанрларды меңгеріп, өзінің шеберлігін сәтті көрсетіп келеді. Өткен түні тікелей эфирде Санат Самира Эфендидің репертуарындағы Mata Hari әнін орындады. Бұл туындыны таңдауы да тегін емес. Әзірбайжандық әнші Самира Эфенди Евровидение-2021 халықаралық ән байқауының 65-маусымында қысқа уақытта миллиондаған көрермен жинаған еді.

Шоудың финалы 25 мамырда өтеді. Санат дайындықты жалғастырып жатыр, дегенмен жартылай финалға дайындалу оңай болмаған. Ол қазір Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алып жатыр. Сонымен қатар байқауға қатыса жүріп, сессия тапсыруға да тура келген. Репетиция жасауға, материалмен жұмыс істеуге және сахналық образ дайындауға уақыты шектеулі болған.

Айта кетейік, Санатқа дауыс беру кезінде қазақстандықтардың қолдауы шешуші бола алмайды. Себебі жеңімпаз тек әзірбайжандық байланыс операторларының sim-карталары арқылы берілген дауыстар негізінде анықталады.

Соған қарамастан соңғы бес күнде Санат тағы да әлемдік "The Voice" рейтингтерінде "Аптаның үздік өнер көрсетулері" қатарына енді. Оның алты өнер көрсетуінің төртеуі музыкалық франшизаның продюсерлері тарапынан ең жоғары баға алған. Қазақстан мен өзге елдердің көрермендері Санаттың жеңісіне тілектестік білдіріп жатыр.


Австриялық әнші "Евровидение" байқауында жеңіске жетті


"50 миллион теңге берген": Әнші Садраддин қайырымдылық қорға жиналған ақшаға концертін өткізді деген ақпарат тарады

Еске салайық, бұған дейін 72-халықаралық "Әлем аруы" сұлулық байқауына Қазақстан атынан "Қазақстан аруы–2023" атағының иегері, балет бишісі әрі модель Сабина Ыдырысова қатысатынын жаздық. "Әлем Аруы – 2025" фестивалі Үндістанның Телангана штатында 7 мамыр мен 31 мамыр аралығында өтеді. Ашылу салтанаты 11 мамырда өтті, ал финал 31 мамырда ұйымдастырылады. Сабина әлемнің 110-нан астам аруымен бақ сынасып, Beauty with a Purpose бастамасы аясында өзінің әлеуметтік жобасын таныстырады.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 13:45
Талқылау