Қазақстандық рэпер Скриптонит музыкалық порталын іске қосты

Қазақстандық әртіс Скриптонит (Әділ Жәлелов) Karmapolitan музыкалық медиапорталын іске қосты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Karmapolitan.ru - музыка индустриясы мен мәдениеті туралы медиа-ресурс.

"Кармада музыкалық энтузиастар тобы жиналды, ол тыңдаушыға танымал музыканың жанрларын ашады", - делінген "Жоба туралы" бөлімде.

Мәскеуде медиапорталдың тұсаукесері өтті, оған Feduk, Монеточка, Sirotkin және Недра сияқты музыканттар қатысты. 

Скриптониттің өзі де тұсаукесерде сөз сөйледі.

Порталдың жасалуына Скриптониттің Musica36 лейблі жауап береді.

Скриптониттің жеке музыкалық медиапорталды іске қосу жоспары туралы алғаш рет 2020 жылы белгілі болды. БАҚ-тың хабарлауынша, жоба шамамен бір жарым жылдан бері әзірленіп келеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр