Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық психолог: Бизнес-тренерлер сіздің баюыңызды ойламайды

Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, тренерлер мен мотивация беретін мамандардан көз сүрінеді. Дені бизнесте бір күн жүріп көрмесе де, қаржылық жағдайыңды түзеуге септігімізді тигіземіз деп жатады. Расымен, тренингке қатысып, дәулетті болуға бола ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына хабарлайды.

Ерлан Мұстафин 20 жылдай тренингтер өткізіп келеді. Дұрыс бағыт алу үшін үш нәрсе қажет дейді. Ол тәжірибелі маманнан білім алу, адамның ішкі дайындығы және нақты іс әрекет. Бұлардың бірі кемшін болса, нәтижеге жету мүмкін емес.

"Қазіргі кезде өкінішке орай оқып, біліп, көптеген кітаптарды алып, ондағы дағдылардың барлығын үйреніп, бірақ оны жүзеге асырмайтын адамдар бар. Міне, үш мәселе тоғысса, әрине жетістікке жетудің ықтималдығы жоғарылайды", - дейді бизнес тренер Елан Мұстафин.

Психолог Ерден Нұртаевтың пікірінше, миллионер атанудың құпиясы жоқ. Болған күннің өзінде қалталы адам ол сырын көпшілікке бес мыңға не елу мыңға сатпайды. Ары кетсе жақындарымен бөлісуі мүмкін. Сонда елді жинап дәріс оқитындардың мақсаты қандай?

"Тренингтегі гурулар не тренерлер сіздің байлығыңыз жайлы ойламайды. Олар тек өзінің мақтаншақтығына немесе бір хайпқа құмар. Уәделер бергенде ол сізді сол топта ұстау үшін сізді сол тренингтерге шақыру үшін. Ал нәтижесінде ештеңе сізге расында берілмеуі мүмкін. Тренингтер көбіне біреудің өмірбаяны.Біреудің практикасы. Бәрі оны қайталаса да сондай нәтижеге жетпейді", - деді психолог Ерден Нұртаев.

Қалталы болудың сырын өзге емес, кәсіпкерлердің өзінен сұрағанды жөн көрдік. Дәулет Дастан 15 жасынан сауданың қыр сырын үйрене бастапты. Бұл күні елордадаға бірер мейрамхананың иесі. Кәсіпкер бизнеспен біте қайнасып, ішінде жүрмей, теориямен алысқа бара алмайсың деген пікірде.

"Ешкім 100 пайыз өзінің жеткеніне бизнесте ешкімге айтпайды. Тек қана қатысқан семинардан 10 пайызды қабылдай аламыз. Қалай жұмыс істеу керек, не істеу керек екенін. Қандай қиыншылықтар бар, қалай өту керек? Мен ойым сондай болып тұр", - дейді кәсіпкер Дәулет Дастан.

Қоғамның қалталы азаматтарға деген көзқарасы қандай? Блогер Алмас Тоқабаев негатив көп дегенді айтып қалды. Себебі, «Forbes» сияқты журналдарға іліккен отандастырымызға деген сұрап көп екен.

"90 пайызы ортадан төмен тұратын ортада байларға деген теріс көзқарастың болуы ол заңдылық. Оң әсерін тигізеді, егер ол байлардың ақшасы елге инвестиция болып оралатын болса. Кезінде білесіз, офшорлардан қанша ақша табылатын. Ал енді соның бәрі ел ішінде қалатын болса, инвестиция ретінде ел экономикасына жұмыс істейтін болса бай адамдардың көп болғаны құба құп", - деді блогер Алмас Тоқабаев.

Қысқасы, тренингтің де тренингі бар. Білікті маманнан дәріс алып, әрекет жасасаң ғана берекеті болады. Әйтпесе ақшаны далаға шашқанмен бірдей екен. Әркімнің өз баю жолы барын ескерсек, өзгенің оқиғасы нан болмайтын көрінеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр