Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық профессор коронавирустан жазылғандар ауруды неге қайта жұқтыратынын түсіндірді

Превентивті медицина академиясының президенті Алмаз Шарман коронавирусты жұқтырған адамдар неліктен қайтадан ауыратыны жөнінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Студия 7" бағдарламасына сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, ауруды қайта жұқтыру қаупінен ешкім сақтандырылмаған, алайда COVID-19 вирусына қарсы екпе салдырған адамдар ауруды жеңіл өткізеді.

"Қазіргі адамдардың жұқтырып жатқаны былтырғыға қарағанда өзгеше ауру түрі. Коронавирустан иммундық қорғаныс дельта нұсқасынан толық тиімді емес" , – деді профессор.

Алмаз Шарманның айтуынша, қайта инфекцияның негізгі себебі – вирустың тұрақты түрде мутацияға ұшырауы.



"Бұл процесс селективті қысым кезінде, вакцинация процесінде жеделдетіледі. Вирус қазір өзінің тығырыққа тірелгенін түсінді, оның вакцина әсерінен құтылудың екі нұсқасы бар, алайда қашу арқылы ол өзінің жұқпалылығын жоғалтуы мүмкін. Бұндай жағдай Оңтүстік Африка мен Бразилияда болған бета және гамма нұсқаларына қатысты болған. Олар вакциналарға төзімді, бірақ жұқпалы емес еді", – дейді маман.

Талқылау